Пятница, 3 апреля, 2026
Әлеуметтік қызмет

Әлеуметтік ұстаздың жұмысының негізгі мақсаты мен міндеті

Әлеуметтік ұстаздың жұмысының негізгі мақсаты: 

Жеке тұлғаның өзін-өзі дамытуға, әлемді қабылдауды және оған бейімделуді жүзеге асыруға көмектесу.  Оқушылардың дамуын, тәрбиесін, білім алуын әлеуметтік тұрғыдан қорғау.  Өскелең ұрпаққа заман талабына сай тәрбиелеу, тұлғаның бойына жауапкершілікті, өз отанына деген міндет-борышын атқаруға, оның гүлденіп, өркендеуіне атсалысуына үйрету, өз тіліне, өзіне сүйіспеншілігін қалыптастыру, үлкенді сыйлап, кішіге қамқор көрсету, табиғатты аялауға ықпал ету. 

Міндеттері:

Оқушылардың қажеттілігі мен қызығушылықтарын, мінезден ауытқушылығын, әлеуметтік ортаға бейімделу және әлеуметтік қорғалу деңгейін анықтау.

Оқушыға қажетті қолдау мен әлеуметтік көмекті өз уақытысында көрсету.

Оқушы-жеке тұлға мен мектептің, отбасы, орта, әлеуметтік қызмет мамандарын, әкімшілік орындарды тікелей байланыстырушы.

 Мектепте, отбасыда, және қоршаған әлеуметтік ортада білім алушы жеке тұлғанның қауіпсіздігі мен психологиялық үйлесімділігіне жағдай туғызуына  ықпал ету.

 Оқушының салауатты өмір салты үшін әлеуметтік ауытқушылық пен құқық бұзушылығының алдын алу.

Тамыз айының 1-нен 31 қыркүйекке дейін «Мектепке жол» акциясы ұйымдастырылды

Осы акция аясында – бала республикалық жалпы оқыту қорынан әр оқушыға 46228 теңге көлемінде материалдық қаржылай көмек алды. Мемлекеттен бөлінген қаржылай көмек 60 оқушыға 2 773 680 тенге көлемінде шықты