Пятница, 3 апреля, 2026
ЖаңалықтарКітапхана

Кітапхана 1 тоқсан

«Отбасы- бақыт мекені»  тақырыптық сөре .Отбасы күніне орай мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушылары арасында ертеңгілік өткізілді.Кітап көрмесі жасалды.

«Кітап оқитын мектеп»- зияткерлік ағартушылық жобасы бойынша оқушылар арасында оқуға ұсынылатын кітаптар таныстырылып, ақпараттар берілді.

«Қарттарым- асыл қазынам» тақырыптық сөре. Қарттар өмірдің шамшырағы, отбасының берекесі, ұлттың рухани тірегі!

 Ұстаз- адам жанының бағбаны, шәкірттің жүрегіне нұр құятын өмірдің шамшырағы. Ұстаз еңбегі мәңгілік, ең қасиетті еңбек !

Ұстаздар күніне орай кітапханада «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тақырыптық сөре қойылды.

«Менің — Отаным Қазақстан!»  кітап көрмесі жасалып, бастауыш сынып оқушылары арасында танымдық іс- шара өткізілді.

«Демалыста кітап оқимыз»   тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Каникул — демалыс пен дамудың уақыты. Осы мезгілді тиімді өткізіп, қызықты кітап оқуға арнайық!