Суббота, 4 апреля, 2026
Өзің-өзі бағалау

2024-2025 оқу жылындағы  оқушылардық қосымша білім берумен қамтылуы.

Мектептің тәрбие жұмысы жүйесінің маңызды буыны қосымша білім беру жүйесі болып табылады.Қостомар ауылының жалпы білім беретін мектебі «Қостанай ауданы білім бөлімінің балалар шығармашылық үйі»,аудандық спорт мектептері, балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығы сияқты ауданның мәдениет мекемелерімен белсенді ынтымақтастықта жұмыс жасап келеді.

Мектептің біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру, білім сапасын арттыру және мектеп оқушыларының жеке тұлғасын дамыту үдерісін әртүрлі дамытушылық ортада жүзеге асыру мақсатында сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады. Сыныптан тыс жұмыстар оқушылардың шығармашылық және жеке қабілеттерін дамытуға, сонымен қатар оқушылар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алуға үлкен көмек көрсетеді және негізгі білім берудің тең, толықтырушы құрамдас бөлігі болып табылады.

Оқушылардың саналы кәсіби өзін-өзі анықтауына мектептің қосымша білім беру жүйесі ықпал етеді.

Жеке тұлғаны дамытудың келесі бағыттары бойынша сыныптан тыс жұмыстар ұйымдастырылады:

Көркемдік-эстетикалық бағыт: «Домбыра»  үйірмесі, «Шебер қолдар» үйірмесі, «Жас тілші» үйірмесі, «Жас эколог» үйірмесі, «Жас актер» үйірмелерінің жұмыстары;

Дене шынықтыру және спорт бағыты: «Қазақша күрес», «Волейбол», «Шағын футбол», секциялары;

2024-2025 оқу жылында 7 үйірме,5 спорттық секция жұмыс жасады.

Мектептегі үйірмелер мен спорт секцияларының қызметімен қамтылған балалар саны 97 адамды (100%) құрайды. Үйірмелер мен секциялардағы сабақтар сабақ кестесіне сәйкес келесі бағыттар бойынша жүргізіледі: шығармашылық музыка-театрлық іс-шаралар, интеллектуалдық іс-әрекеттер, клубтық қызмет (мүдделер қауымдастығы), үйірме жұмыстары, спорт секциялары.

Мектеп оқушыларының үйірмелерге, спорттық секцияларға, мектептен тыс жұмыстарға мүмкіндіктерін жүзеге асыруға және жұмысқа орналастыруға қолайлы жағдай жасалған.

.2024-2025 оқу жылында үйірмелер мен секцияларға 70, мектептен тыс 27 оқушы (Барлығы 97 оқушы 100%)қатысыды Биылғы оқу жылында өткен жылмен салыстырғанда 3 пайызға артқан.

Салыстырмалы талдау көрсеткендей: мектептегі және мектептен тыс үйірмелер мен секцияларға оқушылардың жұмысқа орналасуы жыл сайын артып келеді.

Қосымша білім беру педагогтарының жұмысы қосымша білім беру мазмұнын жүйелі түрде жаңартуға бағытталған. Үйірмелер мен секциялар мүшелерінің жеткілікті санын атап өткен жөн. Үйірме жетекшілері балалардың қызығушылықтарын арттыруға және әртараптандыруға тырысады, бұл жарыстарда жақсы нәтижелерге әкеледі.

.

       Көркем-эстетикалық үйірмелерден мектебімізде домбыра тартудан үйірмеміз бар. Үйірмеге қатысатын оқушыларымыздан ансамбль құрылып, мектебімізде өтетін әр концертімізде оқушыларымыз ұлттық аспапта өз өнерлерін паш етіп отырады. Соынмен қатар, үйірмеге қатысатын оқушыларымыз түрлі сайыстардан орындарға ие болып, өз қызығушылықтарын әрдайым арттыру үстінде.Мектептің «Домбыра»  үйірмесі жұмыс жасайды.Жетекшісі: Сулейменова Алмагуль Жумановна.. Үйірмеге 15 оқушы қатысады. Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге жасасып келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Сондықтан домбыра уйренуде оқушының бойында икем, талпыныс, сабырлық және төзімділік болуы керек. Домбыра уйірмесінде оқушы домбыра аспабының кыр сырын ұғынып, домбыра үйренеді.

Үйірме оқушыларды ұлттық өнерге баулу мақсатында ұйымдастырылып отыр. Оған домбыра аспабына кызығушылык танытқан, оны үйренуге ынталы, 5-10 сыныптардың оқушылары тартылды.

.

Осы үйірмеде жекелеген оқушылар өлең айтуды үйренді. Осы оқу жылында көптеген мерекелік іс шараға қатысты.

          Оқушылар мектепішілік іс- шараларда күмбірлеген күйлерін           

      тартып,мектепішілік және аудандық мәдени іс-шараларға белсене

      қатысады. Жетістіктерге тоқталсақ:

· Аудандық     «Шексіз балалық шақ» фестиваліне білім алушыларды сапалы дайындағаны үшін Алмагуль Жұманқызына алғыс хат берілді.

· Аудандық «Шексіз балалық шақ» сырттай фестивалінде «Муза және балалар» бағыты бойынша  Қонысбай Әбіл І орын

· Облыстық «Абай оқулары» байқауының аудандық кезеңіндегі «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Жұмағанова Ұлбосын ІІІ орын иеленді.

· «Жас таланттар»  атты   Қостанай     ауданының  мектепке      дейінгі тәрбиеленушілерінің арасындағы байқауда «Туған жер»әнімен Жұмағанова Гүлжанар   ІІ орын иеленді. · Облыстық «Өнеріміз саған, Қазақстан!» атты көркемөнерпаздардың халық шығармашылығы фестиваль байқауына белсене қатысқаны үшін Сулейменова Алмагуль Жұманқызына алғыс хат табысталды.

· Педагогикалық шеберлігінің жоғары деңгейі, шығармашылық ізденісі, өскелең ұрпақты тәрбиелеу және оқыту ісіне қосқан жеке үлесі үшін Сулейменова Алмагуль Жұманқызы құрмет грамотасы берілді. Оқушылардың мектептен тыс бос уақыттарын тиімді өткізу үшін спорттық

          секцияларымыз: волейбол, қазақша күрес, ұлттық ойындар секциялары    

     белсенді жұмыс жасап, оқушыларымыз қызыға қатысады. Спорттық

      секцияларға қатысып түрлі спорттық сайыстардан жүлделі орындарды

         иеленіп жүрген оқушыларымыз да баршылық. Мәселен, қазақ күресі  

           үйірмесінің жетістігіне тоқталсақ:

· Аудандық деңгейдегі өткізілген 2024 жылғы Қостанай ауданы білім алушыларының спартакиадасы шеңберінде қазақ күресі жарысында  Тұрғынбай Алтынбек ІІІ орын.

· Қостанай ауданы білім алушыларының спартакиадасы шеңберінде қазақ күресі жарысында Марат Наурызхан     ІІ орын.

Қостанай ауданы білім алушыларының спартакиадасы шеңберінде қазақ күресі жарысында Жұмақан Әлинұр          І орын.

· Наурыз мейрамына арналған қазақ күресінен 2008-2009 Ж.Т кіші жасөспірімде арасындағы Қостанай ауданы турнирінде Тұрғынбай Алтынбек ІІІ орынға  ие болды. Наурыз мейрамына арналған қазақ күресінен 2008-2009 Ж.Т кіші жасөспірімде арасындағы Қостанай ауданы турнирінде Аппаз Өмірбек ІІІ орын.

· Наурыз мейрамына арналған қазақ күресінен 2008-2009 Ж.Т кіші жасөспірімде арасындағы Қостанай ауданы турнирінде Марат Наурызхан ІІІ орын.

· «Балалар жылы» қарсаңында өткен, қыздар арасындағы Волейбол ойынынан ІІІ орын

· Қостанай ауданы білім беру ұйымдарының қызметкерлері арасында өткен жарысынан өткен қысқы спартакиадада қанат тартудан І орын .

· Облыстық білім алушылардың жазғы спартакиадасы және Наурыз мейрамын өткізу аясында , аудандық қазақ күресі іріктеу жарысында Қонысбай Әбіл ІІІ орын иеленді.

· Облыстық білім алушылардың жазғы спартакиадасы және Наурыз мейрамын өткізу аясында , аудандық қазақ күресі іріктеу жарысында Жұмахан Әлинұр ІІІ орын иеленді.

          «Волейбол» үйірмесі бойынша жетістіктер:

· Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде Марат Наурызхан ІІІ орынға ие болды.

·   Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде Аппаз Өмірбек жүлделі ІІІ орынға ие болды.

· Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде Ысқақ Рамазан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

·   Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде  Тұрғынбай Арғынбек жүлделі ІІІ орынға ие болды.

· Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде Бейбіт Нұрасыл жүлделі ІІІ орынға ие болды. Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде Жұмахан Әлинұр жүлделі ІІІ орынға ие болды.

· Нұр-Али спорт орталығының 2 жыл толуына орай волейбол ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде  Марат Наурызхан жүлделі ІІІ орынға ие болды.

·   Нұр-Али спорт орталығының футбол  ойынынан ұлдар арасында өткен турнирде «Қостомар» командасы ІІІ орынға ие болды.

· Нұр-Али спорт орталығының  волейбол ойынынан ұлдар арасында «Қостомар» командасы ІІ орынға ие болды.  Аудандық тірек мектеп пен магнит иектептерінің жайдарман командалары арасында өткен «Жайдарман-көңілділер мен тапқырлар алаңы» ойынынан «Қостомар» командасы жүлделі 1 орынға ие болды.