2024-2025 оқу жылындағы жалпы, негізгі орта білім беру курсы үшін мемлекеттік қорытынды аттестаттау қорытындылары
«Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары үшін білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі № 96 бұйрығы негізінде 2025 жылдың 29.05-10.06.2025 ж. аралығында 9-сынып оқушыларының қорытынды аттестаттау өткізілді. Мақсаты: білім алушылардың жалпыға міндетті стандарттарында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру, дәрежесін анықтау. Емтихандарға қатысқан 14 оқушы. 11 сынып бойынша 30.05-16.06.2025ж аралығында өтті. Сыныпта барлығы 4 оқушы. Барлық оқушылар емтихандарды тапсырды, үлгірмейтін оқушылар жоқ. Қорытынды аттестаттау үлгілік қағидаларға сай өткізілді, құқық бұзушылықтар жасалған жоқ, аппеляциялық өтініштер, шағым арыздар түскен жоқ.
9 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттаудың кешенді нәтижелері:
- Қазақ тілі пәні бойынша жазбаша емтиханды 9 «А», 9 «Б» сыныптардан — Серикбаева К.С., Әбдікәрім К.Ж. алды, жалпы білім сапасы 9 «А» -61,5%;
- 9 «Б»- 0%; үлгерімі 100 % ;
- Алгебра пәні бойынша жазбаша емтиханды 9 «А»сыныптап Оспанова М.К., 9 «Б» — Бекеева Э.К. алды, жалпы білім сапасы 9 А -61,5%; 9Б -0%; үлгерімі 100 % ;
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтиханды 9 «Б» сыныптан Кашпур Е.В, 9 «А» сыныптан Молжигитова С.М. алды. Жалпы білім сапасы 9А -61,5%; 9Б -0%; үлгерімі 100 % ;
- Таңдау пәндер бойынша жазбаша емтихандар: биология пәнін 3 оқушы тарпсырды, мұғалімі Кабылдажанова Д.А. білім сапасы 100 %,үлгерімі 100% ; география пәнінен -10 оқушы, пән мұғалімі Бахатова Н.К., білім сапасы 80% , үлгерімі 100 %; 9 «Б» сыныбының оқушысы география пәнін таңдады. Білім сапасы -0; % , үлгерімі 100 %;
11 сынып оқушыларының қорытынды аттестаттаудың кешенді нәтижелері:
- Қазақ тілі пәні бойынша жазбаша емтиханды 11 «А» сыныптан Серикбаева К.С. жалпы білім сапасы 100% үлгерімі 100 % ;
- Қазақстан тарихы пәні бойынша ауызша емтихан тапсырды. Пән мұғалімі Кабылдажанова Д.А. жалпы білім сапасы 100% үлгерімі 100 % ;
- Алгебра пәні бойынша жазбаша емтиханды 11 «А» сыныптап Бекеева Э.К. жалпы білім сапасы 100 %, үлгерімі 100 % ;
- Орыс тілі мен әдебиеті пәні бойынша жазбаша емтиханды Молжигитова С.М алды. Жалпы білім сапасы —-%, үлгерімі 100 % ;
- Таңдау пәндер бойынша жазбаша емтихандар: Дүние жүзі тарихы пәні таңдады. Пән мұғалімі Кабылдажанова Д.А.. Жалпы білім сапасы —-%, үлгерімі 100 %
Бағалар bilimclass электронды журналына қойылды, қорытынды аттестаттау нәтижелерін ескере отырып қорытынды бағалар шығарылды, қатаң есептілік құжаттарын толтыру жөніндегі комиссияның жиынтық ведомостары тексерілді, олардың негізінде негізгі орта білім туралы 14 дана оның ішінде 3 үздік аттестат, жалпы орта білім беру аттестат 4 толтырылды
