Суббота, 4 апреля, 2026
Психолог кабинетіТәрбие жұмысы

Психологиялық талдау

2024-2025 оқу жылында ерекше білім беруді қажет ететін бір оқушы оқыды:

Толық аты-жөніТуған жылыСыныпАнықтамаПМПКДиагнозПримечание
1Амангелді Санжар Азаматұлы 17061350583213.06.2017г2 «А»18.11.2024гАқыл-ой кемістігі. Мінез-құлық қиындықтары. Жалпы сөйлеудің дамымауынан жазу мен оқуды дамытудағы қиындықтар.Бастауыш білім берудің бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасы бойынша оқыту. Бейімделген жалпы білім беретін оқу бағдарламасына сәйкес оқыту нәтижелерін бағалаудың әдістері мен критерийлеріне өзгерістер енгізу. Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне бару. Логопед, психологтың арнайы қолдауы.

КММ «Қостомар ауылының жалпы білім беретін мектебінің» даму бағдарламасында алға қойылған міндеттердің бірі – «дамуында шектеулері бар оқушыларды қоса алғанда, барлық оқушылардың өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал ететін білім беру кеңістігін құру» болып табылады. Осы міндетке сәйкес инклюзивті білім беруді дамыту – негізгі бағыт ретінде анықталды.

Мақсаты:
Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балалардың жан-жақты дамуына, оқу-тәрбие үдерісіне толыққанды қатысуына барынша қолайлы жағдай жасау.

Мақсатты жүзеге асыру шаралары:

  • ЕББҚ бар балаларды есепке алу және мониторингілеу;
  • ЕББҚ бар балаларға түзету-педагогикалық қолдау көрсету (әлеуметтік-психологиялық қызмет, сабақтарда жеке және сараланған тәсілді қолдану);
  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру курстары арқылы кәсіби дамуын қамтамасыз ету.

Арнайы білім беру қажеттіліктері бар балаларға көмек көрсету – біздің алға қойған басты міндеттеріміздің бірі. Инклюзивті білім беруді ұйымдастыруға оқу және тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарлары, психолог, әлеуметтік педагог бекітілді, инклюзивті білім беруді психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу тобы құрылды.

ПМПК-ның ұсынымына сәйкес жалпы білім беру бағдарламасы бойынша бейімделген тәсіл арқылы оқытуды қажет ететін оқушыларға ерекше назар аударылады. 2024–2025 оқу жылында бір оқушы жалпы білім беру бағдарламасы бойынша бейімделген тәсілмен білім алды. Осы сыныпта жұмыс істейтін мұғалімдер инклюзивті білім беру бойынша курстардан өтті.

Баланың барынша үйлесімді дамуына жағдай жасау мақсатында бұл оқушылармен жыл бойы психологиялық сүйемелдеу жұмыстары жүргізілді, психологиялық-педагогикалық диагностика ұйымдастырылды. Педагог-психолог Танатканова А.Т психологиялық оңалтудың әдістерін, түрлі әдістемелерді пайдаланды, оқушылармен сұхбаттар, жеке психологиялық кеңестер, тренинг жаттығулары өткізілді. Ата-аналармен де жұмыс ұйымдастырылды. Педагог-психолог ата-аналарды ерекше білім беру қажеттіліктері бар баланы оқыту және тәрбиелеу барысында отбасының мүмкіндіктерімен таныстырды. Бұл санаттағы балаларға түзету-дамыту қолдауы көрсетілді.

Әр оқушыға психологиялық-педагогикалық карта толтырылады, жеке жұмыс жоспары жасалады, психологиялық диагностика нәтижелері мен педагогтарға және ата-аналарға арналған ұсынымдар рәсімделеді.

Түзету-педагогикалық қолдау мұғалімдермен сабақ және сыныптан тыс уақытта ПМПК-ның диагнозы мен ұсынымдарына сәйкес жүзеге асырылады.

ЕББҚ бар балаларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу келесі бағыттар бойынша жүргізілді:

  • қолдың ұсақ моторикасын дамыту;
  • танымдық үдерістерді (есте сақтау, зейін, қиял, ойлау) дамыту;
  • өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу дағдыларын дамыту;
  • гиперактивтілік пен назар тапшылығы синдромын түзету;
  • жағдаяттық мазасыздықты түзету;
  • агрессивтілікті түзету;
  • оқуға оң көзқарасты қалыптастыру.

ЕББҚ бар балалармен жұмыс түрлері:

  • жеке және топтық кеңес-сұхбаттар;
  • тренингтер;
  • түзету-дамыту ойындары;
  • сурет терапиясы;
  • ойындар;
  • тренинг жаттығулары;
  • бейнематериалдарды көру.

Жеке және топтық кеңес-сұхбаттар оқушылардың өзара қарым-қатынасындағы мәселелерді шешуге бағытталып, қажеттілігіне қарай жүргізіледі.

Эмоциялық-ерік аумағын тұрақтандыру, қорқыныш пен күйзелісті жою, күйзеліске төзімділікті арттыру, танымдық үдерістерді дамыту мақсатында тренингтер, сурет және пластилин терапиясы, ойындар ұйымдастырылды.

Мультфильмдер, әлеуметтік бейнероликтер, бейнесюжеттер, бағдарламалар, видеозарисовкалар секілді бейнематериалдарды көру – мінез-құлықты түзетуге, кернеуді азайтуға, өзін-өзі бағалауды арттыруға ықпал етіп, релаксациялық әсер береді.

Әрбір түзету-дамыту сабағы белгілі бір тақырыпқа арналып, оқушылардың көкжиегін кеңейтеді.

ЗПР диагнозы қойылған оқушылардың ата-аналарымен әр тоқсанда 1 рет жеке кеңестер жүргізілді. Кеңестерде:

  • балалардың психикалық даму тежелуінің себептері;
  • оқу материалын қабылдау және меңгеру ерекшеліктері;
  • үй тапсырмасын орындау ерекшеліктері;

балаға эмоциялық қолдау көрсету жолдары түсіндірілді.

Сонымен қатар, баланы қабылдауға көмектесетін тренинг жаттығулары жүргізілді. Бұл жаттығулар ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынасты үйлестіруге ықпал етеді.

Жыл бойы мұғалімдермен және сынып жетекшілерімен де жеке кеңестер өткізілді. Кеңестер барысында:

  • ЗПР диагнозы қойылған балалардың ерекшеліктері;
  • ақпаратты қабылдау және меңгеру сипаттары;
  • оқуға ынталандыру, жетістік жағдайларын жасау,
  • мектеп пен сынып ұжымына оң көзқарас қалыптастыру бойынша жеке ұсынымдар берілді.

ЕББҚ бар балаларға түзету-дамыту көмегін тиімді ұйымдастыру және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мақсатында мектеп Костанай облысы әкімдігі білім басқармасының Қостанай ауданы «Психологиялық-педагогикалық түзету кабинетімен» тығыз ынтымақтастықта жұмыс жүргізіледі.

ЕББҚ бар балаларға психологиялық-медициналық-педагогикалық сүйемелдеу көрсету мақсатында мектепте психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметі (ППСҚ) ұйымдастырылды. ППСҚ қызметі «Психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмысын ұйымдастыру туралы» бұйрыққа сәйкес жүргізіледі.

ППСҚ аясында ЕББҚ бар балаларды психологиялық сүйемелдеу келесі мамандармен жүзеге асырылады:

ППСҚ  жетекшілері – директордың тәрбие  ісі жөніндегі орынбасары Сулейменова А.Ж.; педагог-психолог – Танатканова А.Т.; әлеуметтік педагог – Кенаралова А.К.

Дамуында шектеулері бар балаларға көрсетілген кешенді көмек олардың дамуындағы ауытқулардың алдын алуға, бар проблемаларды түзетуге, әлеуметтік жеткіліксіздіктің деңгейін төмендетуге, олардың жалпы дамуы мен білім деңгейін арттыруға, әрі қарай қоғамға табысты кірігуіне ықпал етті.

Инклюзивті білім беруден күтілетін нәтижелер:

  • оқу бағдарламаларын меңгеруі;
  • дамуындағы ауытқуларды түзету;
  • әлеуметтік бейімделу;
  • арнайы жасалған психологиялық-педагогикалық жағдайларда психологиялық дамуы.

Қорытындылай келе, инклюзивті оқытудың тиімділігі тек білім беру мекемелеріне физикалық қолжетімді орта құрумен шектелмей, сонымен қатар арнайы білім беру қажеттілігі бар баланың психофизикалық ерекшеліктеріне сәйкес оқыту мен тәрбиелеу үдерісін дұрыс ұйымдастыруға байланысты екенін атап өту қажет.