2024-2025 оқу жылының әлеуметтік педагогтің жасаған жұмыстарының талдауы
Мектеп оқушыларының әлеуметтік отбасы жағдайының картасы
| № | Санаты | Саны |
| 1 | Қамқорлықтағы бала | 0 |
| 2 | Патронаттық тәрбиедегі | 0 |
| 3 | Аз қамтылған отбасы | 2 |
| 4 | Әлеуметтік көмек алушы | 0 |
| 5 | ПМПК-ның тіркеуінде | 1 |
| 6 | Мүгедек, оқушылар | 1 |
| 7 | Көп балалы отбасы | 15 |
| Толық емес отбасылар | ||
| 8 | Анасымен тұратындар | 13 |
| 9 | Әкесімен тұратындар | 1 |
| 10 | Туыстарымен тұратындар (қолхат арқылы) | 0 |
| 11 | Мектепішілік тіркеудегілер | 0 |
| 12 | Аудандық ІІБ- нің тіркеуіндегілер | 0 |
| 13 | Анасы қайтыс болған оқушылар | 0 |
| 14 | Әкесі қайтыс болған оқушылар | 0 |
Мектеп оқушыларының әлеуметтік отбасы жағдайының картасы
Костомар ауылының жалпы білім беретін мектебінде оқушы саны 99
Мектеп алды даярлықта 11бала
Шағын орталықта 22 бала
Барлығы 132 бала
0-11 сынып аралығындағы оқушылардың санаттарына тоқталып кететін болсақ барлығы 110 оқушы
Толық емес 11 отбасы оқушы саны 14
Тек анасымен тұратын оқушылар 13
Әкесімен тұратын оқушылар 1
Аз қамтылған 2 отбасы оқушы саны 5
Анасының бірге тұратын адамымен(сожитель) тұратын оқушылар саны 1 .
Көп балалы 15 отбасы оқушы саны 37 ,КПП да 11 оқушы шағын топта 22 бала,
Мүмкіндігі шектеулі оқушы саны 1. 4 сыныпта оқиды.
Әлеуметтік қорғау
1) Оқу жылының басында оқушылардың құжаттары тексеріліп, көп балалы отбасының балалары анықталып, әлеуметтік құжаттары толтырылды. Мектеп бойынша барлық көп балалы отбасынан шыққан оқушылардың саны 37-ге жетті
2) Қазан айында көп балалы отбасынан шыққан балалар аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, қамқорлыққа алынған балалардың құжаттары және әлеуметтік педагогтың құжаттар номенклатурасы қайта қаралып реттелді. Ата-аналарға құжаттардың жетпеген түрлерін қайта жинақтау үшін құжаттар тізімі берілді.
Балалардың мектепке бармауының алдын- алу үшін материалдық және басқа да көмек көрсету мақсатында ағымдағы жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйек аралығында «Мектепке жол»дәстүрлі жыл сайынғы республикалық акциясы барысында материалдық көмек көрсетілді. Жалпыға білім беру айлығында құрылған жоспар бойынша іс- шаралар ұйымдастырылды. Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі және облыстық білім басқармасымен «Мектепке барар жол” атты басшылыққа ала отырып, қамқорлық акциясын 1 тамыздан 31 тамыз аралығында Айсары селолық акиматынан Тастемір Сезімге оқу құралдар сөмкесімен берді.
Сонымен қатар мектеп ұстаздарының оқу жылының басында көпбалалы аз қамтылған отбасыларынан шыққан оқушыларға оқу құралдарын өз қаражаттарына алып үлестіруі басқада адамдарды қайрымдылық жасауға шақыруы үлгі боларлық іс. Жалпыға бірдей білім беру қорынан 57 оқушыға 44 000 мың теңгеден берілді. 2 508 000 теңге көлемінде берілді.
Оқу жылының басында барлық сыныптардың әлеуметтік төлқұжаты жасалынып, жиналған мәлімет сараптамадан өткізілді. Көп балалы және әлеуметтік жағынан қорғансыз топтарға жатқызылатын оқушылар санаттары ата- аналардың тапсырған құжаттарына сай анықталады. Барлық құжаттар білім бөлімінің жетекші мамандарының тексеруімен қабылданады. Тегін тамақтармен қамтамасыз ету төмендегі санаттарға жатқызылатын көп балалы және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының балаларына беру анықталды.
Тегін тамақтануды ұйымдастыру
Ата- анасының қамқорлығынсыз қалған және әлеуметтік картада, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларындағы балалары үшін тегін ыстық тамақ ұйымдастыру туралы мектеп директоры атынан мектеп асханасын жалға алушыларымен шарт жасалды. Ыстық тамақтың сапасы мен ұйымдастырылуына бақылауды медбике, әлеуметтік педагог, жалпы мектептегі ата- аналар комитетінің өкілі жүзеге асырды. Тамақтың сапасын,санитарлық нормаларын және жалпы асхананың жұмысын бақылау мақсатымен арнайы комиссия құрылды және бұйрықтар шығарылды.Тегін тамақтанатын оқушылар толығымен уақытылы тамақтанады.
«Дұрыс тамақтану- денсаулық кепілі» дегенді ұстанып, «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну» мемлекеттік қызметті көрсету қағидалары негізінде мектепте оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету жұмысы әр оқу жылында басты жолға қойылған жұмыстардың бірі. Мектебімізде аз қамтылған, көп балалы және жартылай жетім отбасы балаларын ыстық тамақпен қамтамасыз ету мақсатында 34 оқушы тізімде бар яғни тегін ыстық тамақпен қамтылды. 5 оқушы асхана жалдаушының есебінен тамақтанады. 1-4сыныптар аралығындағы оқушылар міндетті түрде ыстық тамақпен қамтылған.
Мемлекет қазынасынан 67 оқушыға жаңа жылдық тәттілер салынған кулектар үлестірілді, Сонымен қатар ауыл әкімінің ұйымдастыруымен 30 оқушыға жаңа жылдық кулектар таратылды.
Мектебімізде қайырымдылық шаралары мен көмек түрлері көрсетіледі, соның бастыларына тоқтала кететін болсақ. .
Жұмыс істемейтін отбасылар мен проблемаларды анықтау үшін жыл сайын сынып жетекшілерімен бірге ата-аналар арасында анонимді сауалнама жүргізіледі. Әлеуметтік педагог пен сынып жетекшісінің өзара әрекеті балада немесе балалар тобында туындайтын мәселелерді бірлесіп анықтауға бағытталған. баланың жеке басының дамуын және мінез-құлық көріністерін болжау болып табылады.
Мінез-құлық, оқу үлгерімін және сабаққа қатысуын түзету үшін балалармен әр түрлі жазбалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Психологиялық қызмет ата-аналармен, әкімшілік органдармен және әлеуметтік-педагогикалық қолдау органдарымен тығыз байланыста жұмыс істейді.
Жыл сайын кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу бойынша Қостанай облысы ішкі істер бөлімімен бірлескен іс-шаралар жоспары құрылды. Осы жоспарды іске асыру шеңберінде мыналар жүзеге асырылды:
құқық бұзушылық жасаған және сабақтан қалып қойған оқушыларға бірлескен профилактикалық рейдтер;
— жасөспірімдер арасындағы қылмыстың алдын алуға бағытталған бірлескен кешенді профилактикалық іс-шаралар. «Түнгі қаладағы балалар», «Демалыс», «Жасөспірім және құқық тәртібі».
Ай сайын мектепте мемлекеттік құқық қорғау инспекторының шақыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің отырыстары өткізілді. Құқық бұзушылықтың алдын алу кеңесінің отырысына оқушыларды және олардың ата-аналарын шақыруға сабаққа келмеу, пәндерден нашар үлгерім, оқушылар арасындағы агрессивті мінез-құлық және басқа да құқық бұзушылықтар себеп болып табылады. Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңестің барлық шешімдері орындалып, кеңес отырыстарынан кейін әртүрлі есепке алу түрлеріне қабылданған оқушылардың үлгерімі, сабаққа қатысуы және тәртібі бақыланады.
Девиантты мінез-құлқы бар оқушылар жоқ. Заңға қайшы әрекеттердің алдын алу және қиын жағдайда қалған оқушыларға дер кезінде көмек көрсету үшін мектепте «Сенім жәшігі» орнатылған. «Сенім жәшігі» жұмыс істеу барысында балалар мен жасөспірімдердің заңсыз әрекеттеріне көмек көрсетуге қатысты хаттар мен өтініштер түскен жоқ.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта көшеде қалуының алдын алу мақсатында мектеп мұғалімдері мемлекеттік құқық қорғау инспекторымен бірлесіп «Жасөспірім және көше!» рейдтерін жүйелі түрде жүргізілді. Оның барысында болу ережелерін бұзған оқушылар анықталмады.
Дәстүрлі болып табылатындар:
Құқықтық білім беру күндері; ауызша журналдар мен мектеп инспекторының әңгімелері, БПҰ қатысуымен іс-шаралар,Құқықтық онкүндіктер, құқық қорғау және прокуратура өкілдерімен кездесулер, ата-аналарға құқықтық тәрбие беру және басқа да іс-шаралар.Соңғы он жылда мектеп оқушыларының тарапынан жасалған қылмыстар орын алған жоқ.
Білім беру ұйымындағы психологиялық қызметін білім беру ұйымының басшысы басқарады. Жүйелі түрде психологиялық қызмет «Өңірлік психологиялық қолдау және қосымша білім беру орталығы» сенім телефондарын жарнамалайды. Сондай-ақ, «Қиын болса – жай қоңырау шалыңыз!» бір реттік акциялары өткізіледі. Акцияның мақсаты: кәмелетке толмағандар мен олардың ата-аналарын облыстық психологиялық қолдау орталығы туралы ақпараттандыру, мектеп оқушыларына психологиялық көмек көрсету, сондай-ақ кәмелетке толмағандар мен ата-аналар қауымдастығының (ата-аналар, педагогтар) психологиялық сауаттылығын арттыру.
«Ерекше назар» тобының оқушыларын анықтау үшін тоқсан сайын анонимді сауалнамалар жүргізіледі: «Кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық және физикалық зорлық-зомбылықты анықтау» және «жасөспірімнің жеке басының суицидке бейімділігін анықтау».
«Ерекше назардағы тобының» оқушыларымен келесі түзету жұмыстары мен психологиялық әңгімелер, өмір құндылығы туралы тренинг элементтері бар сабақтар өткізіледі: «Менің ғаламым», «Мен және менің әрекеттерім», «Өмірлік ресурстар..» «Мен ерекше баламын», «Интернет кеңістігіндегі манипуляциялар», жыныстық тәрбие сағаттары «Ұлдар мен қыздар еліне саяхат», өмір құндылығы туралы тренингтер, нашақорлықтың алдын алу сабақтары: «Дала өрті», мектеп оқушыларын тәрбиелеу ЖИТС».
Тәрбиелік іс-шаралар уақытылы және сұраныс бойынша жүргізіледі.Оқушыларға, ата-аналарға, мұғалімдерге қамтылған тақырыптар: «Балалық шақтағы күйзеліс және оның себептері», «Жасөспіріммен қалай жағымды қарым-қатынас орнатуға болады?», «Сыныптастармен қарым-қатынас», «Балалардың күйзелісі және оның себептері», «Баладағы стрессті жеңу», «Зорлық-зомбылықсыз білім» және т.б.
Бұл тақырыптағы мәселелер ата-аналар жиналысында, мұғалімдер кеңесінде, жиналыстарда, семинарларда қарастырылды.
Бірыңғай республикалық жалпы ата-аналар жиналысы мынадай тақырыптарды қамтыды: «Кәмелетке толмағандардың суицидтік мінез-құлқының алдын алу», «Кәмелетке толмағандарға қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу»; «Оқушыларға кәсіби бағдар беру.әрбір аталған тақырыптар қазіргі уақытта белен алып жатқан өзекті мәселелерден туындайды.Жиналыс барысында отбасында тәрбиелік психологиялық көмекті қажет ететін ата – аналар өз сұрақтарына жауап алды.
