Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыру
Мектебімізде қыркүйек, қазан айларында ыстық тамақпен қамтамасыз етілуі жөнінде 1-4 сынып аралығында 41 оқушы тегін тамақпен қамтамасыз етіліп отыр. Ал көп балалы, толық емес отбасы, аз қамтылған отбасынан шыққан 5-11 сыныптардан 38 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылған. Асхананы жалға алушы есебінен 10 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп бойынша 89 оқушы тамақтанады.Бұл көрсеткіш жалпы 90%құрайды.
Мектептегі тамақтанудың сапасына монитория жүргізу туралы
Асхана бөлме құрал жабдықтарды санитарлық-эпидемиологиялық ережелерге сай.
Бракеражды комиссия пайдаланатын тамақ өнімдерінің сапасын бақылауды жүзеге асырып, қадағалайды. Күнделікті ас мәзірі дұрыс жасалғандығы тексеріліп, бекітіліп отырылды.
Аспазшылардың киім үлгісі таза екендігі, жеткізілген тамақ өнімдерінің жарамдылығы әрдайым тексерілді.
Қостомар жалпы білім беретін мектебінде көп балалы отбасынан шыққан оқушылар саны – 32, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушылар саны -14, толық емес отбасынан шыққан оқушылар саны- 10.
Жалпы көпбалалы отбасы -13, толық емес отбасы-6, аз қамтылған отбасы-9 құрайды
