Пятница, 3 апреля, 2026
Тамақтануды ұйымдастыру

Мектеп асханасында тамақтануды ұйымдастырудың жағдайы

Зерттеу обьектісі :  Асхана,ас мәзірі

Бақылау мақсаты:Білім беру обьектілеріне қойылатын санитарлық – эпидемиолгиялық талаптардың орындалуын қамтамасыз ету.

Бақылау түрі : тақырыптық.

Бақылау әдістері : Асхана құжаттарын тексеру,ата-аналар мен оқушылар арасында сауалнама жүргізілу т.б.

Бақылау барысында :Мектеп асханасының білім алушыларды тамақтандыруға дайындығы тексеріліп қаралды.

    Санитарлық-гигиеналық талапқа сай тексерілді.Мектептегі 1-4 сынып және СУСН 5-11сыныптарға тегін тамақ ішетіндігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Тамақ ішетін уақытында сынып жетекшілер оқушылардын тамақтануын қадағалайды.

Біздің асханада тағамдарды дұрыс сақтауға баса наза аударылады.Мектепте әр түрлі тағам өнімдерін дұрыс сақтауға арналған тоңазытқыш камералар бар,мұнда әр тағам түрі жеке сақталады.Асханаға кіреберісте оқушылардың қолын жууға арналған арнайы орын бар.Мектептегі жұмыс жасаған уақыт ішінде асхананың кінәсінен асқазан-ішек жұқпасымен ауыру жағдайлары болған жоқ.

  Ас мәзірі күнделікті тексеріліп отырылды.

 Мектеп асханасында оқушылар тамақтанатын кезде мұғалімдер арасында кезекшілік кесте құрылып,оқушылардың тәртібі қадағаланды.                                                                                                                                                                                                          

    Оқу жылының басында оқушылардың ыстық тамақпен қамтылуын ұйымдастыру туралы бұйрық шығарылды.

    Қостомар жалпы білім беретін мектебінде 1-4 сыныптар арасында 41оқушы, 5-11 сыныптар арасында 38 оқушы тегін тамақ ішеді      Асхананы жалға алушы  есебінен 10 оқушы ыстық тамақпен қамтылып отыр. Мектеп бойынша  89 оқушы тамақтанады.Бұл көрсеткіш жалпы 90%құрайды.