Кітапхана 1 тоқсан
«Отбасы- бақыт мекені» тақырыптық сөре .Отбасы күніне орай мектеп кітапханасында бастауыш сынып оқушылары арасында ертеңгілік өткізілді.Кітап көрмесі жасалды.

«Кітап оқитын мектеп»- зияткерлік ағартушылық жобасы бойынша оқушылар арасында оқуға ұсынылатын кітаптар таныстырылып, ақпараттар берілді.

«Қарттарым- асыл қазынам» тақырыптық сөре. Қарттар өмірдің шамшырағы, отбасының берекесі, ұлттың рухани тірегі!

Ұстаз- адам жанының бағбаны, шәкірттің жүрегіне нұр құятын өмірдің шамшырағы. Ұстаз еңбегі мәңгілік, ең қасиетті еңбек !
Ұстаздар күніне орай кітапханада «Ұстаз-ұлы тұлға» атты тақырыптық сөре қойылды.

«Менің — Отаным Қазақстан!» кітап көрмесі жасалып, бастауыш сынып оқушылары арасында танымдық іс- шара өткізілді.

«Демалыста кітап оқимыз» тақырыбында мектеп кітапханасында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Каникул — демалыс пен дамудың уақыты. Осы мезгілді тиімді өткізіп, қызықты кітап оқуға арнайық!

